Bugin

"Салтанатты 10 сағат азаптаған": жарыссөзде прокурор сөз сөйледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz 

Бүгін, 2 мамырда Астана қалалық сотында "әйелін аса қатыгездікпен өлтірді" деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жарыссөзде прокурор Айжан Аймағанбетова бірінші болып сөйледі. Ол барлық айғақтарды қағазға шығарып, сотқа қатысушыларға таныстырып шықты. 

Шетелде оқыған, интелекті дамыған, жоғары білімді адамды бұндай әрекет жасайды деп ойламайсың. Дегенмен, бұл адамда жүрек жоқ. Ол өзінің кінәсін сезініп тұрған жоқ, керісінше Салтанатты айыптап, қаралады.

Еркек пен әйелдің арасында қандай жанжал болса да, дәл осылай азаптап өлтіруге себеп емес. Бишімбаев Салтанат Нүкенова өлім ауызында жатқанда Насырбековамен кездесіп, басқа әйелдермен хат алмасып, жұмысындағыларға тапсырма берген. Тіпті, Байжановпен кешкі ас ішкен. 

Прокурор барлық айғақтарды алға тартып, Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы 10 сағат бойы азаптап, қинағанын айтты. 

Жарыссөз жалғасып жатыр.