Bugin
Фото: видеодан кадр
Бүгін, 2 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жарыссөзде кезекті сөзді жәбірленуші тараптың өкілі Әлия Омарова сөйледі.
"Бишімбаев өзін Құдай сияқты сезінді. Ол Салтанаттың өмірін өз қолына алып, толықтай басқармақ болды. Салтанат өмірінің соңғы минуттарында Бишімбаевқа өзінің жейдесін көрсетіп: “Бұл – дәлел болады. Ал сен 10 жылға отырасың”,- дегенді айтқан", - деді өкіл.
Әлия Омарова Бишімбаевтың Салтанат өлген соң да кінәсін мойындамай, керісінше оны қараламақ болғанын айтты.
"Салтанат өзінің күйеуінің қолынан қаза тапты. Ол соңғы сәтке дейін Бишімбаевпен жақсы қарым-қатынас орнатып, бақытты өмір сүргісі келген еді. Бишімбаев Салтанат өлгенге дейін оны қатты қинады. Салтанат өлгеннен кейін де қинап келеді. Ол Салтанатты қаралап,айып тақты. Бірақ өзінің кінәсін мойындамады", - Әлия Омарова.