Bugin

Адвокат Рамазанова: "Салтанаттың қателігі – өзін күшті сезінуінде"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Бүгін, 2 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы болды. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жарыссөзде кезекті сөзді күдікті Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сөйледі. Ол өз сөзін “Қуандық Бишімбаев сотта Салтанатты қаралағысы келген жоқ”, - деп бастады.

"Салтанаттың қателігі – өзін күшті сезінуінде. Бірақ оның әлсіз екені белгілі еді. Ал Бишімбаев "адамгершілік" танытып, Салтанатты құтқармақ болды", - дейді адвокат Рамазанова.

 

Бірақ қайдан құтқармақ болғанын нақты айтқан жоқ.

Сондай-ақ, Лейла Рамазанова Салтанаттың құрбысы және көмекшісімен сөйлескен хаттарын қайталап оқыды. 

Судья Лейла Рамазанованың сөзін тоқтатып, жарыссөздің ертең жалғасатынын хабарлады.