Bugin

"Үйді бөліскісі келмеген": Ақтөбеде 3 баланың анасын бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Марқұм Айбану. Дина Таңсәрі парақшасынан алынды

Ақтөбе облысы Сарыкөл ауылында үш баланың анасын бұрынғы күйеуі аса қатігездікпен өлтірген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айбану күйеуімен 2022 жылы заңды түрде ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі адам балаларына алимент төлемеген. Оған қоса балаларымен араласпай, өзге әйелмен отбасы құрған. Ер адам 2 жылдан соң марқұм Айбанумен кездесуге келген. Айбану жылы қарсы алып, шәйнекке су құйып, газға шәй қоймақ болған. Бұрынғы күйеуі оның теріс бұрылған сәтін пайдаланып, күйеуі қылқындырып өлтірген.

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні орын алған. Сол кезде кішентай балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан.

“Не молчи” қорының төрайымы Дина Таңсәрі:

"Бұрынғы күйеуі Айбануды өлтіруді мұқият жоспарлап келген. Айбану балаларымен Сарыкөл ауылында тұрған. Күдікті келген таксистіне ауыл сыртында күте тұруынды өтініп, қылмыс жасаған. Қылмыс мотиві – ер адам жылжымайтын мүлікті бөліскісі келмегендіктен болуы мүмкін. Ер адам бәрін саналы түрде жасаған",-деп жазды.

Марқұмның туыстары Айбанудың материалдық қиыншылыққа байланысты ауылда тұрғанын айтады. Ерлі-зайыптының некедегі уақытында ортақ пәтері болған. Марқұм қиналған сәтінде күйеуіне сол мүлікті бөлісуді ұсынған. Күдікті қылмысын жасап болған соң, қайтадан сол таксиге отырып, ізін суытқан.

Күдікті балаларын марқұммен бір үйде қалдырған. Таңертең балалар анасын оята алмаған. Қазір балалар марқұмның туыстарының қарауында. Олар әлі анасын күтіп жүр екен.