Bugin

Жүк көлігі 29 оқушыны қағып кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі 29 оқушыны қағып кетті, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы kabarlar_tv инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Оқиға бүгін, сағат 13:30-да Жерге-Тал ауылында ұйымдастырылған мәдени іс-шара кезінде болған. Жүк көлігінің ішінде жүргізуші болмаған.

Зардап шеккендер 9-дан 16 жасқа дейінгі оқушылар. Қазіргі уақытта 18 бала ауруханаға жеткізілді. 7 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланды.