Bugin

Депутат мектепте жаңа пән енгізуді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мектепте жаңа пән енгізуді ұсынды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Мен осы жерде мына тазалық мәселесін де көтергім келіп отыр. Себебі елге тасқынмен бірге енді топалаң келеді. Өйткені қарғын судан қорғану үшін мыңдаған қап пен пакеттен бөгет тұрғыздық. Полиэтилен кленкаларды пайдаландық. Енді су кеткен соң осы кенеп қаптарды түгін қалдырмай, түгел жинап алмасақ, экологиялық апатқа тап боламыз", - деді депутат.


Депутат сай-саладан аққан су қаншама күл-қоқыс, қалдық, аң-құс пен малдың өлексесін ағызып алып келгенін айтты. Енді сол өлекселерден әртүрлі ауру тарауы мүмкін. Сондықтан тазалыққа аса мән беру керегін ескертті.

Осы орайда депутат Оқу-ағарту министрлігіне орта мектеп оқушылары арасында "Экологиялық сана" атты ағартушылық сынып сағаттарын өткізуді жолға қоюды ұсынды.