Bugin

Костенко атындағы шахтадан түтін шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада түтін шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі шахтадағы К3 төртінші конвейер дрейфіндегі түтінді өрт сөндіру құралдарының көмегімен сөндірген. Апаттың алдын алған конвейер трассасының электр монтері Айбар Қосанов екені айтылды.

"Шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі түтін туралы ескерту жүйесі қосымша іске қосылды. 19:45-те датчик сигналына байланысты түтіннің шығу себебі жойылса да, 194 кеншіні эвакуациялау туралы шешім шығарылды”, – делінген ТЖД хабарламасында. 

Шахтада түтін пайда болғаннан соң 187 кенші жер бетіне шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы дерек тіркелмеген.