Bugin

Тасқын: Ел аумағындағы су қоймаларының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: inbusiness.kz

Су қоймаларының қанша пайызға толғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ел аумағындағы су қоймаларына өзендер мен көлдерге тасқын суларды жіберу туралы ақпарат белгілі болды.

Қазір БҚО-ның төрт ірі су қоймасында орта есеппен 88%-ы суға толғаны айтылды. Ал Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толған. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%-ға толғаны хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%. Ал Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.

Қарағандыдағы үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толса, Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.