Bugin
Фото: ТЖМ
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын аз-аздан көтеріліп келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
1 мамыр күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікпен салыстырғанда 5-тен 25 сантиметрге дейін көтерілгені анықталған.
Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгергенін мәлімдеді.
Жайық өзені – Индербор ауылы су бекетіндегі су деңгейі 718 см, Махамбет ауылы 779 см деңгейінде, тәулігіне +15 см деңгейге көтерілуде. Ал Атырау қаласындағы гидробекетіндегі су деңгейі тәулігіне +5 см-ге өсіп отыр.
"Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 1 мамырда Ирикла су қоймасынан ағызу 141 м3/с жетті", – делінген Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы жолдаған хабарламада.