Bugin

Алматыда автокөлік пен мопед соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Алматыда мопед пен автокөліксоқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Алмалы ауданында мопедші жеңіл автокөлікпен соқтығысқан бейнесі Instagram желісінде тараған.

Ал полиция жол-көлік оқиғасы 2 мамыр күні таңғы 06:30-да Алмалы ауданында болғанын хабарлады.

"Mercedes маркалы көлігінің жүргізуші мен мопедші Райымбек даңғылының бойымен бір бағытта кетіп бара жатқан. Төретай көшесімен қиылыста ара-қашықтық сақтамаған мопедші Mercedes көлігінің артқы бөлігіне соғылған. Салдарынан дене жарақаттарын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.