Bugin
Фото: aikyn.kz
56 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Aikyn.kz-ке сілтеп.
Оқиға Петропавл қаласында болған. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметінен мәлімдеді.
"Петропавл қалалық полиция басқармасының "102" нөміріне Новая көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түскен. Жедел жәрдем бригадасы қала тұрғынын медициналық мекемелердің біріне жеткізді. Әйел түрлі дене жарақатын алды", - делінген хабарламада.
Әйел полиция қызметкерлеріне бесінші қабаттағы терезеден "өзім құлап кеттім" деп айтқан.