Bugin
Фото: әлеуметтік желіден
Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты. "Elikti Park" ЖШС-ның директоры кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Сот тау шаңғысы курортының директорын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар курорт үш жылға дейін қызмет көрсете алмайды", - деп қорытындылады Ақмола облысының Зеренді аудандық соты.
Шаңғы курортының директоры демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген, жол бойына арнайы белгілер мен қоршаулар қоймаған. Сондай-ақ, демалыс базасының шаңғы трассасы мен аспалы жолды пайдалануға рұқсат беретін құжаттары болмай шыққан.
Қауіпсіздік шараларын түсіндірмей, баланы трассаға жіберген. Соның салдарынан жасөспірім қайтыс болып, тағы екі қыздың денсаулығына зиян келді. Әлихан тік беткейден түсіп бара жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, жарақат алып, қайтыс болған.
Қайғылы жағдайдан кейін база жабылмай, құқық бұзушылықтарды түзетпей, жұмысын жалғастырған.
"Жәбірленушілер "Т" пайдасына ЖШС-нен моральдық шығын өндірілді. және "Д." "М." пайдасына әрқайсысы 10 000 000 теңге өндірілді. Келтірілген материалдық залал мен ойын-сауық шығындарына 3 000 000 теңге жұмсалған. Сонымен қатар, талап қоюшылардың ЖШС-не материалдық залалды азаматтық іс жүргізу тәртібімен өндіру бөлігінде азаматтық талапты қанағаттандыруға құқығы бар деп танылды", - деп қорытындылады сот.
Естеріңізге сала кетейік, ақынның ұлы былтыр 2 қаңтарда Көкшетаудың маңындағы "Elikti Park" тау шаңғы базасында ағашқа соғылып, қаза болған. Серікзат Дүйсенғазы 16 жастағы ұлы Әлиханнан осылай айырылған еді.