Bugin
Фото: Ақорда
Қазақстанның экс-премьер-министрі, Шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин 2 жылдан соң Ақордада бой көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстанда болған "Қаңтар" оқиғасынан кейін қызметінен кеткен экс-премьер Асқар Мамин 2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьяктің кездесуіне қатысты.
Еске салайық, Асқар Мамин 2019 жылдан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін премьер-министр қызметін атқарды. "Қаңтар" оқиғасынан кейін Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Биыл, 26 сәуірде Асқар Мамин Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болып сайланды.
Бұған дейін Асқар Маминнің Ыстамбулда жүргенін хабарлаған болатынбыз.