Bugin
Фотоколлаж: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
Бүгін, 3 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов кей деректерді айтып, жарыссөзде сөз алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Жарыссөзде Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары оның қылмысты жоспарлап жасамағаны туралы логикалық болжамдар ұсынып жатыр.
Ғазымжанов бірінші рет сөз алғанда, “әр күйеу бір жылда 3 рет жанжал болғаны үшін 4 жылдан 7 жылға дейін сотталсын” деген мотивте сөйледі. Бұл үшін судья ескерту жасады. Себебі, ол жарыссөз талабына сай келмейді.
Араға уақыт салып, Ғазымжанов қайта сөз алды. Ол Бишімбаев пен Байжановтың келіспегенін дәлелдеуге тырысты:
“Бишімбаев Нүкенованың өлетінін білген жоқ, олай болғанын қаламады. Жедел жәрдемге балгердің айтқанына сеніп хабарласпады”,-деп Байжановтың берген куәлігі рас. Ол алдын ала келісті десек, олар қай уақытта келісіп үлгереді? Барлығы сағат, минутына дейін жазулы.
Мен Байжановтан “тергеудегі жауаптарыңызды келісіп бердіңіздер ме” деп сұрадым, ол келіспегенін айтты.Ол: “біз қашан келісеміз, бізде уақыт болған жоқ”,-деп жауап берді. Бишімбаев Нүкенова қайтыс болып полиция келгенде, өзіне қол жұмсағысы келіп өзін неадекватно ұстаған. Олар қай уақытта келісіп үлгереді. Жәбірленушілер ұсынған, “келісіп жауап берді” деген нұсқа іс жүзінде мүмкін емес. Бишімбаев Нүкенованың өлетінін білген жоқ” деген Байжановтың нұсқасы ешқандай күдік туғызбайды”,-деп жауап берді.
“Видео өшірген соң, олар мәйітті жасырмады” деген нұсқамен Ғазымжанов қылмыстың жоспарланбағанын дәлелдегісі келіп жатыр. Адвокат олардың жедел жәрдем шақырғанын алға тартты. Ол:"Бишімбаев қолға түскен сәтте марқұмды ұрғанын айтты",- деп оқиғаны жасырғысы келген жоқ деген нұсқаны қуаттағысы келді.
Ғазымжанов "Бишімбаев ресторандағы видеожазбаны қылмысты жасырғысы келгені үшін өшірмеді" дегенге соттағыларды сендіргісі келді.