Bugin

"Салтанат үшін күнде дұға жасаймыз": Бишімбаевтың анасы жарыссөзде сөз сөйледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Бүгін, 3 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жарыссөзде кезекті сөзді күдікті Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова сөйледі. Ол өз сөзін Салтанаттың отбасынан кешірім сұраудан бастады.

"Құрметті сот, құрметті алқабилер, осы сәтті пайдалана отырып, мен өз ойымды айтқым келеді. Қайғылы оқиға үшін бәріңізден, Салтанаттың ата-анасы мен туыстарынан кешірім сұраймын. Салтанат дүниеден өтті. Бұл – орны толмас қаза. Біз үшін, Қуандық үшін де бұл – өте қиын. Біз күнде Салтанат үшін дұға етеміз. Ана ретінде мен ұлым үшін дұға жасаймын. Қуандық біздің және Салтанаттың отбасына ауыр тиген іс жасады. Қуандық өзі жасаған істің жазасын өтеуге лайық. Мен ана ретінде өз балам үшін әділдік пен мейірімділік сұраймын. Мен өмірімнің соңына дейін Қуандықты тәрбиелеуде қай жерден қате кеткенін анализ жасаймын. Қуандық үлкен, тату-тәтті отбасында өсті", - дейді Әлмира Нұрлыбекова.