Bugin

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: legalacts.egov.kz

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігінің дизайны мен мәліметтерін өзгертпек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Ашық НҚА" мәліметіне сілтеме жасап.

Құжат Ашық НҚА жобасында жарияланды.

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді адамның жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

"Жеке куәлігінің беткі жағында жеке куәлік иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады", - делінген құжатта.

Азаматтың ұлты жеке куәлік иесінің қалауы бойынша көрсетілмек.

"Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты жеке куәлік иесінің қалауы бойынша көрсетіледі", - делінген хабарламада.