Bugin

Бишімбаев 2 жасар қызының өлімі туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Бүгін, 3 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жарыссөзде кезекті сөзді күдікті Қуандық Бишімбаевтың өзі сөйледі.

Қуандық Бишімбаев 23 жасында екі жасар қызынан айырылған. Бұл туралы бүгін ол соттағы жарыссөзде айтты.

"Мен де жас кезімде қызымнан айырылып қалдым. 23 жасымда менің екі жасар қызым аурудан көз жұмды. Әрине, бұл жағдайды қазіргімен салыстыруға келмейді. Мен дәл қазір Салтанаттың ағасы мен жақындары қандай күйде екенін түсінемін. Өйткені, өзім де кезінде қызымнан айырылғанмын", - деді Бишімбаев.

Бүгін, 3 мамыр Бишімбаевтың сотындағы тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр.