Bugin
Фото: Видео скрині
Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары суға бата жаздады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жайылым кезінде жылқышылар жылқылардан көз жазып қалған.
"Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды суға батып кетуден құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылды",-делінген хабарламада.
Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды.