Bugin

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алдағы үш күнде елімізге арктикалық суық келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары көктемгі жылуды сезініп үлгермей жатып қайтадан арктикалық суықпен қауышады.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жауып, оның соңы қарға ұласады",- делінген хабарламада.

Ал оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауып, жаңбыр жауатынына қарамастан көктемгі жылы ауа райы сақталады.