Bugin
Фото: imghub.ru
Ер адам қоғамдық көлікте газ шашып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға 1 мамыр күні Астанада болған.
№ 21 бағдар бойынша қатынайтын автобустың жолаушысы CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартқан.
Ал қоғамдық көлікте болған өзге жолаушылар жол ақысын төлеген не төлемегенін көрсетуден бас тартқан ер адамға ескерту жасай бастаған. Жолаушылардың бірінің осындай ескертуінен кейін белгісіз азаматқа газ шашып жіберген.
Қазір қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңге айыппұл салды.