Bugin

Су тасқыны: Батыста 8000-ға жуық тұрғын туыстарының пәтерін паналап жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ОКҚ 

Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі сейіліп келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ақжайық және Теректі аудандарында жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы бақылауда. Тәулік ішінде эвакуацияланған адамдар жоқ, – деді спикер.

Облыс бойынша су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарына 9000-ға жуық қызметкер,177 бірлік техника, 24 су сору құралы, 19 жүзу құралы мен 1 әуе кемесі жұмылдырылып отыр. Дегенмен су тасқынында қауіпсіз жерге эвакуацияланғандар тұрғындарының пәтерін паналап жүр. 

Жалпы тәулік бойынша эвакуацияланған адамдар жоқ. Жалпы табиғи апат басталғалы бері 14 мың 78 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і бала. Қазіргі таңда өңірдегі 12 эвакуациялық пункте 2 324 адам бар. Оның – 1014-і бала. Туған-туысқандарының үйлерінде 7 409 адам орналасқан. 4 345 адам үйіне оралды, - деді облыстық ТЖД ресми өкілі.