Weekend

18 сәуір кинопремьералары қандай?

Бүгін «Балуан Шолақ» тарихи драмасы прокатқа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгіннен бастап Балуан Шолақ туралы тарихи драманы, жылаған әйелдің аруағы туралы хоррорды, ақ арыстан мен қыздың достығы жайында драманы, қырғыздың тарихи мелодрамасын, ұлдарымен бірге өз банкін тонаған миллиардер туралы ресейлік боевикті көре аламыз. Енді фильмдер туралы толығырақ.

«Балуан Шолақ»

Жас шектеуі: 14+

Нұрмағанбет Баймырзаұлы – тарихтасал-серілерінің соңғы тұяғы,атақты палуан, халық композиторы ретінде белгілі. Фильмде оның қалай Балуан Шолақ атанғаны, халық теңдігі үшін күресі мен ерлігі айтылады.

Дулат Исабеков сценарий жазған картина «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Тарихи тұлғаны Еркебұлан Дайыров сомдайды.

«Ла Йорона қарғысы» / «Проклятие плачущей» / «The Curse of La Llorona»

Жас шектеуі: 18+

Америкалық үрейлі триллер. Оқиғасы Латын Америкасы халықтарының фольклорындағы танымал кейіпкерге арналған. Жылаған әйел туралы аңызда қайтыс болған балаларын жоқтап жүрген ананың аруағы туралы айтылады.

Сюжет екі баласын тәрбиелеп жатқан Анна Гарсиа есімді жесір төңірегінде өрбиді. Жұмыс бабымен жоғалып кеткен отбасы туралы зерттеп жүріп, тылсым құбылысқа тап болады. Көп кешікпей Ла Йорона деген әйелдің аруағы оның балаларын алып кеткісі келетенін біледі.

«Мия мен ақ арыстан» / «Миа и белый лев» / «Mia et le lion blanc»

Жас шектеуі: 12+

Франция, Германия және Оңтүстік Африка Республикасының кинематографшылары бірігіп түсірген отбасылық драма.

Фильмде Мия есімді мектеп жасындағы қыз туралы баяндалады. Олотбасымен бірге Лондоннан Оңтүстік Африкаға қоныс аударады. Оның ата-анасы арыстан асырайтын ферма сатып алады. Қызға жаңа орын ұнамайды, ол Лондонға, үйреншікті ортасына оралғысы келеді. Бірақ көп кешікпей ол жетім қалған Чарли деген кішкентай ақ арыстанмен танысады. Осыдан кейін қыздың өмірі өзгереді.

«Өтем» / «Расплата»

Жас шектеуі: 14+

Қырғызстанда түсірілген, оқиғасы шын оқиғаға сүйенген тарихи мелодрама. Басты рөлде қазақ әншісі әрі актрисасы Салтанат Бақаева ойнайды.

Фильм оқиғасы 18 ғасырда өтеді.Есен мен Бегімайдың махаббат хикаясы. Ауылынан қуылған қарапайым жігіт өзімен бірге байдың қызын алып қашады. Бірақ қуғыншылар оны ұстап, өлімші қылып сабап, тастап кетеді. Осыдан кейін Есен оңалып, халқының басын біріктіруге күш салуы керек.

«Миллиард»

Жас шектеуі: 12+

Комедия элементтері бар Ресей боевигі. Басты рөлде Владимир Машковойнайды.

Сюжетте бірнеше заңсыз баласы бар ықпалды банкир туралы баяндалады. Ол балаларымен байлығын бөліспеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап бағады. Бірақ оны барлық ақшасынан айырған кезде, оған балалары ғана көмектесе алады екен. Өз мұрасын қайтару үшін, миллиардер Монте-Карлодағы өз банкін тонауға мәжбүр болады. Бұны іске асыру үшін ол әкесіз өскен ұлдарының сенімін қайтарып алуы керек.

Бұлардан бөлек прокатқа «После» («After») деген америкалық мелодрама мен «Пушистый шпион» («Marnies Welt») атты мультфильм шықты.