Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Филиппиннің орталығында магнитудасы 6,0 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеп.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:16-да Дулаг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым қашықтықта орын алды. Гипоорталық 8 шақырым тереңдікте орналасқан, - делінген вулканология және сейсмология институтының ақпаратында.
Филиппин Тынық мұхиттың «өрт сақинасы» бойында орналасқандықтан елде жоғары сейсмикалық белсенділік байқалады.