Bugin
Фото: Bugin.kz
Бүгін, 4 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында кезекті жарыссөз өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жарыссөзде сөзді марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөйледі.
"Байжановтың әйелі орыс тілін жақсы біледі. Сотқа келіп, қазақша сөйлеп, арасында жылап, эмоция көрсетті. Кезінде ол менімен орыс тілінде сөйлескен. Өзінің балалары әкесін көрмейтінін айтты. Сол сияқты менің де ата-анам өз қыздарын көрмейді", - деді Айтбек Амангелді.
Ол айыпталушы Қуандық Бишімбаев туралы да пікірін білдірді.
"Басты айыпталушы Қуандық Бишімбаев туралы бірдеңе айтудан пайда жоқ", - деді Айтбек Амангелді.
Сондай-ақ, Байжановтың айтқан сөздерін басқа біреу жазып берген дейді.
"Байжановқа сөзін біреу жазып берген. Ол тіпті не оқып тұрғанын білмейді. Қандай эмоция көрсету керегін де түсінген жоқ. Жазылған текст бойынша өзінің өкінетінін, қиналып жүргенін оқып берді. Бұның бәрі мені және отбасымды қорлау деп түсінемін. Осымен менің сөзім бітті”, - деді Айтбек.