Bugin
Фото: depositphotos.com
Атыраудағы қарттар үйінде 73 жастағы әйел апельсинге қақалып, тұншығып қалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына уақытында жетіп, науқасты өлімнен арашалап үлгерген.
Атырау облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова жағдайға қатысты:
"Біздің бригада оқиға орнына келгенде, әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген сәтте науқас есінен танған. Сөйтіп, клиникалық өлім болды. Білікті фельдшерлер әйелді құтқарып қалған",-дейді .
Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір науқастың жағдайы жақсы.