Bugin
Фото: depositphotos.com
Кеше Шымкентте 4 жасар қыздың зорланып, өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратқа қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді.
"Не Молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі оқиға туралы әлеуметтік желіде ақпарат жариялаған. Алайда полиция оқиға туралы түсініктеме берген соң, пост өшірілген. Дина Таңсәрі полицияның ресми ақпаратын ғана қалдырған.
Ведомство оқиға туралы:
"Шымкент қаласында 4 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Біз азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймыз",-деп мәлімдеді.