Bugin

Елімізде ескі көліктерге қатысты қандай өзгеріс болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Елімізде енді ескі көліктерге салынатын салық мөлшері шығарылған жылына байланысты белгіленеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарына берген жауабында көлік салығы туралы айтты.

Үкімет басшысы:

"Олар салық сомасын көліктің пайдаланылу мерзіміне және бағасына қарай белгілеу – анағұрлым әділетті болатынын алға тартады. Осыған байланысты жаңадан әзірленіп жатқан Салық кодексінің жобасында автомобильдің шыққан жылына қарай салық салу көлемін де саралап, дифференциациялау тәсілі ұсынылып отыр", – деді.

Елімізде автоколікке байланысты біршама мәселелер бар. Соның ішінде салық мәселесі көптеген жылдар бойы өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Үкімет жобада:

- шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін мерзім өткен автомобильдер үшін 0,7;

- шығарылғанына 20 жылдан асып кеткен автокөліктер үшін – 0,5 коэффициентке төмендетуді ұсынған.

Премьер-министр Салық кодексіне енетін өзгеріс пысықталып жатқанын айтты. Үкімет шешімді мақұлдаған, жоба әлі талқыланады.