Bugin
Фото: Операция жасау сәті. Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы
16 сәуірінде Алматы облысының балалар клиникалық ауруханасына кеуде тұсынан оқ тиген науқас түскен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлер тексергенде баланың кеуде қуысының оң жағынан жарақат алғаны белгілі болды.
Бала үйінің маңындағы көл жағасында ойнап жүрген. Бір сәтте атылған мылтық дыбысы естіліп, балаға оқ тиген. Науқас бірден ауруханаға жеткізілген. Ота жасалып, оқ алынған.
Ведомство хабарламасында:
"Баланы жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігерлері қарады. Тексеруден соң, науқас шұғыл түрде операция бөлмесіне ауыстырылды. Операция жасалды. Оқ оң жақтағы кеуде қуысынан өтіп, өкпе тінін зақымдаған. Оқ иық сүйегінің төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралығында тұрып қалған. Анық әрі жылдам әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай бала аман қалды",-делінген.