Bugin

Мамырда еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мамандар сәуірде жауған жауын-шашын және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятынын айтты.

Құрғақшылық төмендегі аймақтарда күтіледі:

Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;

Қостанай облысының Амангелді ауданында;

Қарағанды облысының Шет ауданында.

Бірқалыпты ылғалды жағдай төмендегі өңірлерде болады:

Қостанай облысының Қарасу ауданында;

Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;

Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;

Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;

 

Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану қалыпты деп болжаған.