Bugin
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 4-6 мамыр аралығына ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Қазгидромет” орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздің солтүстік және батыс аймақтарында арктикалық салқын ауа райы байқалады. Ауа райы қысым өрістерінің жылдам өзгеруінен салқын болады.
Қазгидромет синоптиктері:
"Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуының әсерінен Қазақстан аумағында жауын-шашын болады. Баренц теңізінен енген суық ауа массалары еліміздегі ауа температурасын төмендетеді. Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында термометрлер теріс мәндерге түседі. Жауын-шашын қар түрінде жаууы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауып, жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болады. Оңтүстік облыстарда ауа райының жылылығы сақталады",-деп хабарлады.