Bugin

Анасы 3 жасар қызын ұрып, иттің жанына қамап қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қырғызстанда жаға ұстатар жағдай орын алды. 3 жасар қыздың анасы қызын сабап, далада түнеуге мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kabarlar_tv инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Оқиға 28 сәуір күні түнде болған. Анасы қызын ұрып-соғып, далаға шығарып жіберген. Кішкентай қыз иттің жанында ұйықтауға мәжбүр болған. Бұл туралы полицияға көршілері хабар берген. Қыз жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. 

Қыздың ата-анасы 2022 жылы ажырасқан. Сот шешімімен 2020 жылы туылған қыз әкесінде, 2021 жылғы қыз анасында қалған. Қазір 3 жасар қыздың жанында әкесі және әкесінің туыстары бар екені айтылды.