Bugin

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөздерін қашан айтатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.

Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұсыныстарын баяндады.

Сотталушылар соңғы сөзін 6 мамыр сағат 10:00-де болатын сот отырысында айтады.