Bugin

Тұрғын жылқыларды шошқа өлекселерінің ортасында бағып келген (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Алматы облысында тұрғын жылқыларды шошқа өлекселерінің ортасында бағып келген, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Желіде жылқылардың шошқаның нәжісіне батқан видеосы тарады. Кадрдан жылқылардың балшыққа аунап, орнынан тұра алмай жатқанын байқауға болады. Қырғауылды ауылының тұрғындары бұл жерде шошқалардың өлексесі де бар екенін айтты. Жергілікті тұрғындар иіс ағын судан келіп жатыр деп ойлаған. Алайда ол өлекселерден шыққан екен. 

Тұрғындар мемлекеттік органдарға хабарласқанымен, ешқандай шара қолданбай жатқанын айтты.