Bugin

Су тасқынынан қаза тапқандар саны екі есеге өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Бразилияның оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 56-ға дейін өсті, зардап шеккендер - 74 адам, тағы 67-сі хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN Brasil порталына сілтеме жасап. 

Азаматтық қорғау қызметі 4 мамырдағы соңғы есебінде өлім-жітім саны бойынша муниципалитеттердің жаңартылған тізімін ұсынды.

"Аптаның басынан бастап штатта толассыз жауған жаңбырдан қаза тапқан адамдардың саны 56-ға дейін өсті. Дауыл салдарынан барлығы 281 муниципалитет зардап шекті. Қаза тапқандардан бөлек, штатта 74 адам зардап шекті, ал 67 адам ұшты-күйлі жоқ", - делінген хабарламада.