Bugin
Фото: freepik.com
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 9 мамырға орай жергілікті бюджеттерден біржолғы ақшалай төлемдер берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан үкіметінің Telegram-дағы арнасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен басқа да қатысушыларына төленетін төлемдерге бюджеттен 187 миллион теңге бөлінгені хабарланды.
"Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді", - деп түсіндірді министрлер кабинеті.
Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірлерде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды.