Bugin
Фото: ІІМ
Кездесуден соң денесі арықтан табылған қыздың ісіне қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бойжеткен алғашқы кездесуде енді танысқан жігіттің қолынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға 2023 жылдың 16 қазанында Алматыда болған.
"Кафеге келушілер ер адамның қызды далаға алып шыққанын көрсе де, ешкім араша түспеген. Қазір далада не болғанын ешкім білмейді. Бірақ 20 минут өткен соң қыздың өзі шақырған полицейлер келіп, оның мәйітін тапқан", – деп жазды журналист.
Артынша Айнагүл Кенчебаеваны жанжал кезінде кездесуге келген жігіт арыққа итеріп жібергені анықталды. Бойжеткен бас сүйек жарақатынан көз жұмған. Ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша "Абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгеріп, 2,5 жылға сотталды.