Bugin

Су тасқыны: елдегі ахуал қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Республика аумағында бүгінгі жағдай бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан су сорылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz-ке сілтеп.

Елде жағдай тұрақталып, 5 мамыр күнгі тексеріс нәтижесінде 49819 адам өз үйлеріне оралғаны анықталған.

Республика бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 15,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген, – делінген хабарламада.