Bugin

Полиция қызметкері мас күйде көлік жүргізген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bondik

Ақмолалық полиция қызметкерінің мас күйінде рөлге отырғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Масаң күйде көлікті тізгіндеген қызметкер жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданатын болады, тіпті ішкі істер органдарындағы жұмысынан да қуылуы мүмкін, — деп түсіндірді ведомстводан.