Bugin

"10 адамға шындықты жеткізгім келді": Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Бүгін, 6 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі сотта айыпталушылар соңғы сөзін айтады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алғашқы боп сөзді айыпталушы Қуандық Бишімбаев сөйледі.

"Құрметті, сот, алқабилер мен сотқа қатысушылар. Міне, соңғы сәтке жақындадық. Осыдан кейін сіздер менің тағдырымды шешесіздер. Мен түсінемін, адам тағдырын анықтау – өте қиын жұмыс. Соттың алқабилермен өтуін сұраған мен едім. Себебі БАҚ-пен әлеуметтік желіде мен туралы жаман нәрселер айтылып, мені қаралады", - дейді Бишімбаев.

Бишімбаев соттағы өзінің мақсатын да айтты.

"Менің мақсатым тым болмағанда 10 адамға сол қайғылы түн туралы және Салтанат екеуміздің қарым-қатынасымыз туралы шындықты жеткізу еді. 10 адамға ойымды айтып, 10 адамның мені тыңдағанын қаладым", - дейді айыпталушы.

Еске сала кетейік, айыпталушылардың соңғы сөз айту процесі жалғасып жатыр.