Bugin

Шахтадағы өртті сөндірген слесарь марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Костенко шахтасындағы өртті сөндірген электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған еді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов бықсыған отты сөндірген. Оның ерлігі ескеріліп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттады.

Ақорда хабарламасында:

"Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - делінген.