Bugin
Фото: инстаграм @atyrauoil
Атырауда жасөспірім оқушы адам өмірін құтқарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы atyrauoil инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға 4 мамыр күні болған. Сағат 17:00 шамасында М. Өтемісов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққан. №12 мектептің оқушысы пәтердің есігін бұзып, 8 жастағы баланы құтқарып қалған.
Куәгерлердің сөзінше, оқушы бір сәтте ойланбастан, түтін шыққан үйге кірген.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жәрдем беріп, 50-ге жуық тұрғынды эвакуциялап, қауіпсіз жерге шығарған.