Спорт

Чемпиондар лигасы. «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» жартылай финалда

Гол жауған ойын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан төрт команда анықталды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Соңғы екі жолдаманы «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» еншіледі.

Ширек финалдағы қос ағылшын клубы арасындағы ойын тартысқа толы болды. Тіпті, гол жауған ойын болды десек қателеспейміз. Алғашқы голды Рахим Стерлинг соқты. Алайда лондондық команда тез қимылдап, Сон Хын Мин бір емес, қатарынан екі гол  соқты. Гвардиола шәкірттері де қарап қалған жоқ. Бернарду Силва бағыттаған доп қорғаушылардың біріне тиіп, қақпа торында тулады.

Ойынның 59 минутында Серхио Агуэро соққан гол «Манчестер Сити» командасына сенім сыйлаған еді. Бірақ 83 минутта бұрыштамадан асырылған доп Фернандо Льорентенің беліне тиіп, гол кірді. Доп шабуылшының қолына тигендей көрінген еді. Осы тұста бас төреші VAR көмегіне жүгініп, испандық ойыншының қолын тартып үлгергенін байқап, голды есепке алды. Қос ойын қорытындысы бойынша есеп тең болғанмен, сырт алаңда соққан голдарының салмағы бойынша «Тоттенхэм» жеңіске жетті.

Ал Юрген Клопп шәкірттері ширек финалдағы ойында аса қатты қинала қойған жоқ. Алғашқы ойында 2:0 есебімен ұтқан олар қарымта кездесуде өз қақпаларына бір голо өткізіп, төрт гол соқты. «Ливерпуль» сапынан Садио Мане, Мұхаммед Салах, Роберто Фирмино мен Вирджейл Ван Дейк бір-бір голдан соқты. «Портудан» Эдер Милитао бір голды өз еншісіне жазды.

Айта кетейік, жартылай финалда Почеттино шәкірттері амстердамдық «Аякспен», ал «Ливерпуль» каталондық «Барселонамен» кездеседі.