Bugin

“18 оқушы болған”: Бурабайда 16 жастағы турист қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бурабай курортында 16 жастағы астаналық оқушы экскурсия кезінде қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

5 мамырда курорт аймағына Астанадан он сегіз оқушы келгені хабарланды. Олардың екеуі велосипед жалдап, серуендеуге шыққан.

Еңістен төмен түсіп келе жатқанда бала рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Алған жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қаза болды.

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетуге қатысты қылмыстық іс қозғалды.