Bugin
Фото: freepik.com
23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітіледі. Ашық НҚА порталына Туризм және спорт министрлігінің қаулы жобасы жарияланды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Құжат 22 мамырға дейін ашық талқылауда болады. Жоба қабылданса, 2025 жылдан бастап Ұлттық кітап күні атап өтіледі.
Биыл Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азамат ұсынған Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастаманы қолдайтынын жеткізген еді.