Спорт

Фантастикалық ойын. 11 минутта 4 гол қақпаға енді

ЧЛ-ның ширек финалында ағылшындық командалар 11 гол салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл ширек финалға ағылшындық төрт бірдей команда жолдама алғаны баршаға аян. Алайда, «Манчестер Юнайтед» қос ойында бірде-бір гол сала алмай, каталондық «Барселонаға» жол берген болатын.

Кеше Чемпиондар Лигасының кезекті ойындары өтті. Онда АПЛ-дың қалған үш бірдей азулы командалары өнер көрсетті. Бірден айта кетейік, екі ойында аса тартысқа толы болды. Пеп Гвардиола жетекшілік ететін «Манчестер Сити» өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдап, ойын бастала салысымен 11 минутқа дейін қос команда екі-екіден гол салып, фантастикалық ойын көрсетті. Дәлірек айтар болсақ, ойынның небәрі 4 минутында Р.Стерлинг жылдам гол салды. Одан соң 7 және 10 минуттарда «Тоттенхэм» ойыншысы Сон Хын-Мин екі гол салып, өз командасына басымдылық алып берді. Ал ойынның 11 минутында Б.Силва қақпаға тура соққы бағыттап, есепті теңестірді. Есеп 2:2.

Екі команда арасындағы ойынның 21 минутында жылдам голмен көзге түскен Р. Стерлинг әріптесі К. Де Брюйне шығарған пасты ысырап етпей, голға айналдырып, Сон Хын-Мин секілді «дубль авторы» атанды. Бірінші таймның қорытындысы 3:2. Ал, екінші таймда қос команда бір-бір голдан салды. 63 минутта С.Агуэро көзге түссе, 73 минутта қосалқы құрамнан ойынға шыққан Ф. Льорентенің жолы болды. Бұл ойында Р.Стерлинг «хет-трик» жасайтын мүмкіндігі болған. Алайда, ойынның бас төрешісі Дж. Чакыр VAR жүйесіне жүгініп, соғылған голды есептемей тастады. Нәтижесінде М. Почеттино шәкірттері жартылай финалда ойнайтын болды.

Ал Салах бастаған сайыпқырандар «Портумен» кездесіп, 4 бірдей гол салды. «Леверпуль» сапында С.Мане, М.Салах, Р.Фирмино, В.Ван Дейк салған төрт бірдей голға алаң иелері Эдер Mилитaoның соққан жалғыз ғана добымен жауап қайтара алды.

Осылайша ЧЛ-ның ширек финалында ағылшындық командалар 11 гол салып, ішкі чемпионаттың тартысты өтетінін тағы да бір дәлелдеді.