Bugin
Фото: Жоғалған әйел. Lider.kz
Арқалық қаласында 24 сәуір күні 51 жастағы Алейнкова Татьяна жоғалып кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Лидер" еріктілерінің instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еріктілердің хабарламасында әйел Байтұрсынов көшесіндегі 4-үйден шығып, қайта оралмағаны айтылған. Көзі жасыл, бойы 165-170 см екені жазылған.
Бүгін еріктілер әйел туралы:
"Әйелдің мәйіті табылды. Туысатырының қайғысына ортақпыз",-деп жазба қалдырды.