Bugin
Фото: instagram.com/sokol_international_circuit
16 жастағы автошабандоз жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы СТК Сокол автодромының өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.
Павлодарлық автошабандоз Анатолий Кин 5 мамырда Алматы қаласындағы дрифт сериясынан жарысқа қатысты. Ол дүйсенбі күні, 6 мамырда жол апатынан қайтыс болды.
"Павлодар жолындағы жол апаты бәріміз үшін қайғылы оқиға болды, ең жас және, сөзсіз, біздің чемпионаттың ең талантты шабандоздардың бірі қаза болды", - делінген СТК Сокол автодромында.