Bugin
Фото: ult.kz
Ақтөбеде өз әжесін алдаған 18 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер адам әжесінің атына 628 мың теңгеге қарыз рәсімдеген болатын. Зейнеткер бұл туралы банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана білгенін айтты.
Ол әжесінің телефонын пайдаланып, 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейін онлайн-кредиттер ресімдеген. Осылайша әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған.
Әйел адам қазір рәсімделген несиені төлеп жатыр. Ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұраған.
18 жастағы азаматқа тонағаны және ұрлық жасағаны үшін ювеналды сот 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот бұл деректі алаяқтық үшін жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.