Bugin

Қазақстан туы Голан төбесінде желбіреді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

"Фауар" бітімгершілік базасында Қазақстанның мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Қазақстандық бітімгершілік контингенті Сириядағы атысты тоқтату режимінің сақталуын қадағалайтыны айтылды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Фауар базасына қызметке 139 қазақстандық кеткенін хабарлады.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанға бітімгершілік миссиясын дербес орналастыру және орындау мандатының берілуі біздің әскери қызметшілеріміздің дайындығының жоғары деңгейін және еліміздің әлемдік аренадағы беделінің артып келе жатқанын мойындаудың дәлелі» деп  атап өтті Қорғаныс министрлігі.

Сириядағы қазақстандық контингенттің міндеттеріне патрульдеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бақылау-өткізу пункттерін нығайту және миналардан тазарту кіреді.