Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев қандай жоғары лауазымға ие болуы мүмкін?

Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Басылым хабарлауынша, бұл шешім 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесінде одаққа мүше президенттердің қатысуымен өтетін жиында қабылданады деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшылары одақтың бес жылдығы мен оның нәтижелерін талқылайды, сондай-ақ осы уақытта дейін жеткен нәтижелер қарастырылады. 

"Басылымның хабарлауынша, жиында басты назар Нұрсұлтан Назарбаевта болады. Одаққа қатысты адамдардың сөзінше, ол бұл күні Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы болып тағайындалады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ. Сондықтан да Назарбаевтың құзыреті әлі белгіленбеген.

"Әзірше оның одақты басқа елдерге таныстыратыны белгілі. Ал оның құзіреті одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері алдымен 29 сәуірде талқылайды, кейін 30 сәуірде мемлекет басшылары талқылайды. Ақырғы шешім 29 мамырда мерейтой жиынында қабылданады", - делінген газетте. 

Айта кетейік 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан еді. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. Ол оған дейін Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған. ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 9 маусымда өтеді.